Атырауда Бас имам әйелдер түрмесінде рухани сұхбат өткізді

Кездесуге “Жусан” операциясымен елге оралып, істі болғандар және түрлі қылмыстық баптар бойынша жазасын өтеп жатқандар қатысты.

“Қоғамда әйел адамның ролі қашан да ерекше. Себебі, әйелдің артында тұтас ұлттың тағдыры тұр. Пенде болған соң, қателік те жасалып жатады. Бірақ, әр қателіктен ғибрат алып, адам өзін-өзі түзетуге жұмыстанатын болса, бұл үлкен жеңіс. Адам өзін жамандықтан тыйып, жақсылыққа бет бұруға ұмтылуы тиіс.

Сондықтан, бастарыңызға берген сынақты сынбай қабылдап, жақсылықтан үмітті үзбеулеріңіз қажет” деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кездесу барысында.

Рухани сұхбат сұрақ-жауап форматында өрбіді. Шара соңында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы “Жусан” операциясымен оралған әйелдерге “Ислам таластыра ма, жарастыра ма? ” атты діни кітап тарту етті.

Айта кету керек, Атырау облысына «Жусан» операциясымен 21 әйел адам, 75 бала оралды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.