Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық мешіт жанындағы «Әжелер мектебі» құрамындағы аналармен кездесті.
Кездесу барысында жыл қорытындыланып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.
«Әйел – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін аяулы жан. Осы ретте, өсіп келе жатқан жас буынға, қыздарымызға, қарындастарымызға, шаңырақ құрып жатқан жас келіндерімізге алдыңғы буын аналарымыз үлгі болуы қажет. Жастарымызбен тыңғылықты жұмыстар жасалды.
Дегенмен, алға қарай да кешенді шаралар қажет. Айталық, қыз тәрбиесі, жас аналарға кеңес, ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, ажырасудың, суицидтің алдын алуда да ақ жаулықты аналарымыздың үні, жанашырлық қолдаулары қажет ақ. Осы ретте, бірлескен кешенді шараларды қабылдауымыз қажет» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.