АТЫРАУДА ДІН САЛАСЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Атырауда дін саласының мамандары қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, қоғамдағы рухани тұрақтылық, қоғам бірлігі және жастар тәрбиесі мәселелері талқыланды.

Жиында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы ашып, рухани тұрақтылық пен қоғам бірлігінің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы; ҚМДБ бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы; ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы баяндама жасап, жат ағымдардың алдын алу, діни тұрақтылықты нығайту және жастарды дұрыс діни бағытта тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды.

Іс-шараға облысқа арнайы келген республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелері және дін саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті.