Атырауда ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) өкілдері екі күн ішінде өңір мешіттерінде жамағатпен кездесіп, діни сауалдарға жауап берді.
Кездесулердің мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау және діни сауаттылықты арттыру болды.
Атап айтқанда, Смайыл Сүйерқұлұлы – «Ықылас» мешітінде, Батыржан Берденұлы – «Бақтыгерей молла» мешітінде, Юнус Қадырғұл – «Иман» мешітінде, Нұралы Бақытұлы – «Анашым» мешітінде, Қуаныш Тоқсанбайұлы – «Парасат» мешітінде, Серікхан Рымханұлы – «Әт-Тақуа» мешітінде, Руслан Қайыргелді – «Құспан молла» мешітінде, Айболат Теміров – «Иманғали» орталық мешітінде, Жексенбай Жұмаділлаұлы – «Мәулімберген» мешітінде, Ерсін Әміре – «Ихсан» мешітінде кездесу өткізді.
Жиын барысында жамағат сұрақтарына жауап беріліп, жат ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды сақтау және рухани иммунитет қалыптастыру бағытында насихат айтылды.
Іс-шара Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, ҚМДБ Атырау облыстық өкілдігі және «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті.




















