«ҚМДБ Халал» сертификатын алған атыраулық кәсіпорынның бірі – Махамбет ауданында орналасқан «Алмалы құс» фабрикасы.
«Алмалы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс фермасы – 2013 жылғы 31 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданының аумағында іске қосылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал стандарт» сертификаты аталмыш мекемеге орталық «Иманғали» мешітінде тапсырылды.
Іс шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша өкілі Қайрат Аманжолұлы қатысты.
«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш мекеме 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 04.03.2022 жылға дейін» дейді «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша өкілі Қайрат Аманжолұлы.
Халал стандарт сертификатын алған атыраулық екінші кәсіпорын – Атырау қаласында орналасқан «Дастан» ет дүкені.
«Дастан» ет дүкені Атырау қаласы, Жұмыскер ауылындағы Сатыбалдиев көшесі 30 мекен-жайында орналасқан. Сертификат 24.02.2022 жылға дейін жарамды.
Еске сала кетелік, өткен жылы Атырау облысында 12 кәсіпорын мүфтияттың халал сертификатын алған болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.