Атырауда имамдар сынақ тапсырды

Атыраулық имамдар концептуалды құжаттар бойынша сынақ тапсырды.

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен іс-шараға қала, аудан имамдары қатысты.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының зияткер имам бейнесі мәселесіне айрықша назар аударып отырғаны белгілі. Тіпті, осы бағытта арнайы құжат та қабылданған болатын.

Яғни, бүгінгінің имамы құлшылықпен, уағызбен ғана шектелмеуі керек. Имамдарымыздың жан-жақты білім алып, қоғаммен етене байланыста болуы, жаңа технология мүмкіндіктерін кеңінен қолдануы, өзінің тұлғалық бейнесімен ортаға үлгі болуы сынды мәселелер өте маңызды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.