Атырауда «Иман жастары» еріктілері марапатталды (+ВИДЕО)

amin.kz/ 15 тамыз, 2020 жыл.  Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанынан құрылып, игі істерге атсалысып жүрген «Иман жастары» еріктілеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алғыс хат жолдады.

Онлайн режимде өткен құрбан айт мерекесі кезінде құрбан малының етін мұқтаж отбасыларға кідіріссіз жеткізуге, жалпы, мешіт жанынан атқарылып жатқан өзге де көптеген қайырымдылық шараларға белсене атсалысып жүрген еріктілерге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы алғыс айтып, сый сияпат тапсырды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.