amin.kz/ 17 тамыз, 2020 жыл. Қасиетті Құранның қазақша аудармасы мен тәпсірі жарық көрді.
“Кітап Мысыр, Түркия мен Араб елдеріндегі түпнұсқалар негізінде, заманауи мысалдар келтіре отырып жазылған” деп хабарлайды “Хабар” телеарнасы.
Еңбектің авторы – исламтанушы, наиб мүфти Ершат Оңғаров. Оны жазушы Нұржан Мұратәлі редакциялаған. Кітапқа енген деректер 10 жыл бойы жиналыпты. Бұған дейін шағын көлемде басылған. Толықтырылған жаңа нұсқасы мың беттен асады.
Еңбектің таралымы әзірге 3 мың дана.