Атырауда «Иманғали» мешіті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жариялады

amin.kz/ 18 тамыз, 2020 жыл.  Акция аясында жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына планшет алуға жұмсалады.

Осыған байланысты, орталық «Иманғали» мешіті атыраулық жамағатты қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырып отыр.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша, анықтама телефондарында көрсетілген мешіт ұстаздарына хабарласуға болады.

Адамзаттың ұстазы болған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) «Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Жақсылықта жарысайық.

Біз біргеміз!

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.