Атырауда «Мәулімберген» мешіті бір топ белсендіге алғыс жариялады

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылының «Мәулімберген» мешіті құлшылық үйінің қызметіне атсалысқан бір топ белсендіге алғыс жариялады.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының хатын «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов тапсырды.

Марапатталғандардың қатарында Кеңөзек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағытжан Құлмаханов, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Есентемірұлы, аталған ауылдық округ әкімінің орынбасары Үмітжан Мұхамбетқызы мен бас маман Күміс Рахымқызы, Т. Амандосов атындағы орта мектеп директоры Мүслима Толыбайқызы, «Рауан» балабақша меңгерушісі Лиза Дүйсенбіқызы, «Роза медикал» емханасының меңгерушісі Роза Атағұлқызы бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі