Атырауда «Мәулімберген» мешіті «Имани жаз» лагерін қорытындылады

Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу лагерін 34 шәкірт сәтті аяқтады.

Жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында лагерьге қатысып, рухани білімін толықтырған шәкірттерді мешіт ұстаздары құттықтап, салтанатпен шығарып салды.

«Жазғы сауат ашу лагерінде 17 ер бала, 13 қыз бала білім алды. Балаларға негізінен обал-сауап, адамгершілік, имандылық тақырыптарында ақпарат беріліп, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірі, әдеп негіздері бойынша дәріс берілді. Біздің мақсатымыз – балаларды бір сәтке болса да, телефоннан ажыратып, рухани дамуына үлес қосу, ізгілік, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру болды» дейді «Мәулімберген» мешітінің ұстазы Ардақ Сайынқызы.