Атырауда «Мәулімберген» мешітінде дәрісхана, мәжіліс залы жасақталды

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің жалғама құрылысы аяқталды.

Жаңа ғимаратта шәкірттерге арналған дәрісхана және мешіттің ішкі шараларын ұйымдастыруға арналған мәжіліс залы жасақталып отыр.

«Қазіргі уақытта жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қажетті үстелдер, өзге де жабдықтар орнатылуда. Жалғама құрылыс мешіттің едәуір кеңеюіне жол ашты. Және жұмысты жаңаша форматта ұйымдастыруға мүмкіндік туып отыр» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.