Тасқала мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Кезекті қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен жиырма отбасын қамтыды.

«Әр шаңыраққа әрқайсысы 35 келі болатын көкөністер үлестірілді. Бұл жолы қайырымдылық шарасына атыраулық «Дастан» шаруа қожалығы атсалысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі бағыт – қайырымдылық шаралары әлде де жалғасады. Демеушілерге Алла разы болсын» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Еске сала кетелік, «Мәулімберген» мешіті Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.