Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтіп, 20 отбасына азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж отбасыларды қамтыды.

«Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран – Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.

Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсы іс жасауға шақырған» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.