Атырауда «Береке» ауылында орналасқан «Медет» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
«Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесе өткізген шара аясында 10 отбасы әлеуметтік азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етілді.
Қайырымдылық негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж және көп балалы отбасы категориясындағы жанұяларды қамтыды.
«Қайырымдылық жасау – ислам дінінің ерекше бір бағыты. Себебі, қайырымдылық – жүректерді жібітеді. Бұл шарамыз мешітімізде айына үш-төрт рет өткізіліп отырады. Осылайша бір айда 40 отбасын қуантып отырмыз. Қайырымдылық шарасына кез-келген тұрғын өз үлесін қоса алады» деді «Медет» мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлы.