Атырауда «Медет» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда «Медет» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 30 отбасына азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж отбасыларды қамтыды.

«Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шарамыз жалғасын табады. Ізгілік шарасын ұйымдастыруға атсалысқан жомарт жандарға Алла разы болсын» дейді «Медет» мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлы.