Атырау қаласында орналсқан «Rumman» мейрамханасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын алды.
Сертификатты «Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысының бас имам Алтынбек Ұтысханұлы табыстады.
Халал даму мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс барысында Қоғамдық тамақтандыру қызметтері және Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігі расталды.
«Rumman» мейрамханасы Атырау қаласы, Бала Ораз 6 мекен-жайында орналасқан.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі бір жыл.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.