Атырауда орталық мешіт 45 отбасына ет таратты

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен кезекті ізгілік шарасы өтті.

Қайырымдылық аясында құрбандыққа шалынған мал еті 45 отбасына үлестірілді. Ізгілік шарасы «Жусан» операциясымен елге оралғандар мен терроризм бабы бойынша сотталғандардың отбасын қамтыды.