Биыл Атырау облысында 8 мешіт ашылды

Бұл туралы Астана қаласында өткен мүфтияттың төралқа мәжілісінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтты.

«Демеушілердің қолдауымен салынған мешіттер Атырау қаласы маңындағы ауылдарда, шалғай аудан, ауылдарда бой көтерді. Ел игілігі жолында ашылған мешіттер қатарында Атырау қаласындағы Береке, Ақжар, Ракуш ауылында ашылған мешіттер,
Индер ауданындағы Өрлік, Елтай ауылдарында және Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылында ашылған құлшылық үйлері бар. Бұл мешіттердің барлығы халықтың сұранысына сай салынып отыр. Мешіттерімізде рухани ағарту, дін мен дәстүрді насихаттау бағытындағы жұмыстар және қайырымдылық шаралары өтуде» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.