Атырау қаласында ұйымдастырылған акция бұл жолы 30 отбасын қамтыды.
Акция аясында «Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының» мүшелеріне ет таратылды.
Атап өту керек, қайырымдылық шаралары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы ретте ізгі шаралар облыс мешіттерінде тұрақты жүргізіліп келеді.
Еске сала кетелік, биыл бір ғана Рамазан айында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысында 2 баспана берілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.