Атырауда орталық мешітте діни оңалтудың жоспары талқыланды

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде діни оңалту жұмысының кешенді жоспары талқыланды.

Жиынға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев, «Шапағат» қоғамдық қоры басшысының орынбасары, теолог Артур Аймағанбетов басқа да діни оңалту саласына жауапты дін мамандары қатысты.

Жиында діни оңалту жұмысын жандандыру бойынша жаңа әдістемелер, әлеуметтік желідегі жұмыс алгоритмін тиянақтау, сапалы әрі сауатты ақпараттық жұмыс жүргізудің тиімді тұстары айтылды.

«Өңірдегі діни ахуалдың жақсаруына баршамыз жан-жақты жұмыс жасауымыз керек. Біздің тәжірибе бойынша имамдардың діни оңалту бағытындағы жұмыс қарқыны жақсы, әлі де жетілдіре түсетін тұстарымыз көп» , – деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кететін жайт, қазіргі таңда өзекті саланың бірі діни оңалту бағыты бойынша, имамдар мен теолог мамандар бірлесіп жұмыс жасап келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.