Атырауда Қайырымдылық мекемесі балаларды құттықтады

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Атырауда орталық мешітте мерекелік шара өтті.

Орталық “Иманғали” мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі мешітте тәлім алып жүрген шәкірттерге, мешітке ата-анасымен бірге зиярат ету үшін келген балаларға мерекелік сыйлықтар таратты.

Орталық “Иманғали” мешітінің наиб имамы Арман Исаев балаларды құттықтап, білім алу турасында уағыз айтты.

Мерекелік шара 25 баланы қамтыды.

Ерекше атап өтерлігі, балаларға базарлықты “Мейралі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы дайындап берді.

“Балаларға меркелік көңіл-күй сыйлап, ізгі істің бастамашысы болған демеушілерімізге алғысымыз шексіз” дейді ұйымдастырушылар.