Дінтанушы Ризабек Батталұлы атыраулық жамағатпен жүздесті

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, білгілі дінтанушы Ризабек Батталұлы Атырау облысына сапармен келді.

Сапар барысында «Иманғали» орталық мешітінде болып жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты.

Асыл дінімізде садақа берудің, жақсылыққа насихат жасаудың маңызы зор.

«Әрбір берілген садақаңыз арқылы біреуге көмектесуден бұрын өзіңіздің екі өмірдегі салып жатқан инвестицияңыз. Сол арқылы отбасыңызға, кәсібіңізге береке кіреді. Ал, ақыреттегі сауабын Алла өзі береді. Сондықтан, жәрдем тілеген жанға, мешіт, медресе құрылысына жұмсалған қайырымдылықтың ақысы өзіңіздің өміріңізде хайырлы болады»,-деп атап өтті ұстаз Ризабек Батталұлы.

Сондай-ақ, құлшылықта ықтиятты болу, мұсылман арасындағы ауызбірлік турасында да әңгіме қозғады.

Ұстазбен кездесуге келген жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.