Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы мектеп оқушыларымен кездесті

Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы, жергілікті ақпараттық насихаттық топ мүшесі Айтжан Абдиров жалпы білім беретін №39 мектепте оқушылармен кездесті.

“Ұлтыңды ойласаң – рухты ұл тәрбиеле” атты іс-шарада ұстаз Айтжан Абдиров жоғары сынып оқушыларына «Исламның құндылықтары» туралы насихат айтты.

 «Ислам дінінің негізгі мақсаты мүлтіксіз қоғам құру. Яғни, адамзаттың баршасы бейбітшілік пен татулықта, кешірімділік пен мейрімділікте, өзара қарайласу мен қамқорлықта өмір сүрсе, бұл бақытқа әкелетін жол. Ислам – өркениеттің, ғылым мен білімнің діні» деп атап өтті ұстаз Айтжан Абдиров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.