Атырауда Құран жарысы өтті

Атырау қаласына қарасты Геолог ықшамауданындағы «Ихсан» мешітінің ашылғанына бір жыл толуына орай, жамағат арасында Құран жарысы өтті.

Құранның отызыншы парасын жатқа оқудан ұйымдастырылған рухани бәйгеге 26 адам қатысты.

Білікті дін мамандары қазылық еткен сайыста бірінші орынды жеті жасар Мусабек Сардорбеков қанжығасына байланды. Мусабек иеленді. Екінші орынды Рамазан Каримбеков иеленді. Үшінші орынды Ахмет Асанов жеңіп алды.

Құран жарысына Еркебұлан Жақсылықов пен Еламан Бегалиев қазылық етті.

Құран оқу, үйрену және оны үйретудің екі дүниеде де сауабы мол. Алла Тағала «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер» десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: Ал, Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с): «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», – деген.

Игі шара барысында «Ихсан» мешітінің құрылысына атсалысқан жанашыр марқұмдардың рухына дұға бағышталды.