Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев және Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының жетекшілігімен дін саласындағы өзекті мәселелер, жат ағымдармен күрес тақырыптары талқыланған жиын өтті.
Орталық «Иманғали» мешітінде өткен жиынға дін саласы мамандары, теологтар қатысты.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының міндеті – оқу, ағарту саласымен бірге, жат ағымдар жетегінде кеткен бауырларымызды оңалту. Осы ретте, мүфтиятта Оңалту бөлімі ашылып, кешенді жұмыс атқарылып жатқанын атап өткеніміз жөн.
Атырау мешіттері де Атырау облысы дін істері басқармасы, «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығымен бірлесіп, жоспарлы жұмыс жүргізуде. Райынан қайтып жатқандар да бар» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Және де ол радикалды ағымдармен күресте тәжірибелік тұрғыда нақты қолдау көрсетіп келе жатқан Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиевке алғыс хат тапсырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.