Атырауда селолық мешіт мұқтаж отбасының баласын киім-кешекпен қамтамасыз етті

Облыс орталығындағы Атырау селолық мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Жаңаталап селосының тұрғыны, жалғызбасты, саулығы кем ана Айгүл Ташпанованың мектеп жасындағы екі қызына киім-кешек, оқу құралдары алынып берілді.

«Кішкентай қыздарымыздың қуанышын көріп, бір марқайып қалдық. «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» халқымыздың осынау бір ізгі қасиеті көпшілікке үлгі болғай. Шара мешіт имамы Санат Өскенбаевтың қолдауымен жүзеге асты» дейді Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тілепбергенұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.