Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті зейнеткерлерге дәрі алып беріп, тегін маска таратты (+ ВИДЕО)

amin.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті қасиетті жұманың құрметіне зейнет жасындағы аналарымызға дәрі-дәрмек алып берді.

Әрі бұл күні қала көшелерінде жүзге жуық көп реттік маскалар тұрғындарға тегін таратылды. Осынау игілікті іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

«Біз біргеміз. Осындай қысылтаяң шақта бір-бірімізге демеу болуымыз керек. Алла разылығы үшін жасалып жатқан игілікті істен қоғам үлгі алса екен дейміз. Жер планетасына атомдық жылдамдықпен таралып жатқан қауіпті вирустан қорған ретінде дәрігер нұсқаулығымен бірге, біз дұғада болып, жақсы амал жасауымыз керек. Алла елімізді сақтасын» деді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.