Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жасалып жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
Қазіргі уақытта мешіттің іргетасына гидроизоляциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөндеу жұмыстары жаңбыр суының мешіт ішіне жиналуын болдырмайды.
\Күрделі жөндеу жұмыстарына шебер мамандар жұмылдырылуда,
Жұмыс барысымен танысқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жобаны белгіленген мерзімде сапалы атқарып, аяқтауды тапсырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.