Атырауда теолог мамандар мектеп оқушыларымен кездесті

Атырау облысы дін істері басқармасының тапсырысымен «Жәрдем – Атырау» қоғамдық ұйымының теологтары Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округінде мектеп оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында ардагер ұстаз Темірбек Марданов отбасындағы тәрбие, заманға сай білім алудың маңызы, ата-ананы құрметтеу тақырыптарында насихат айтты.

Теолог-маман Ажок Сарсекеев жат ағымның зардабы, салт – дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу тақырыбына тоқталды. Дінге қызығушылық танытқан жағдайда, жастарды ақпаратты сала мамандарынан алуға шақырып, интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.

80-ге жуық оқушы қатысқан кездесу барысында мамандар балалар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.