Атырауда түзеу мекемелерінде оңалту шаралары жалғасуда

Атырау қаласында орналасқан 157/9 ерлер түзеу мекемесінде діни экстремизим мен тероризим бойынша сотталғандарға тұрақты дәрістер мен түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Аталмыш шараға Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров пен УГ-157/9 мекемесінің теологы, әділет кіші лейтенанты Айбек Мукашев бірлесе атсалысуда.

«Әр дәріске тақырып бекітіледі. Уағыз – насихат сұрақ-жауап форматында да жүргізіледі. Және азаматтармен жеке жұмыстар жасалуда» деді ұстаз Айтжан Абдиров.

Еске сала кетелік, діни оңалту – мүфтият бекіткен басты бағыттың бірі. Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан оңалту бөлімі жұмыс істеп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.