Әз Наурыз: Атырауда мешіттер арасында волейболдан турнир өтті (+ ФОТО)

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Атырауда қала мешіттері арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге барлығы 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

«Турнирдің Наурыз мерекесіне орайластырып ұйымдастырылуында үлкен мән жатыр.

Наурыз – ынтымақтың, достықтың мерекесі. Осындай спорттық жарыстар жамағат арасындағы бірлікті нығайтады, әрі салауатты өмір салтын дәріптеуге жол ашады. Себебі, денсаулық – адамға берген үлкен аманат» деді турнирдің ашылу рәсімінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Мешіт жамағаттары арасында ұйымдастырылған бәсеке тартысты жағдай өтті.
Турнир қорытындысымен І орынды Атырау селолық мешіті командасы жеңіп алды.

ІІ орын «Дина» базарының намазханасы жамағаты командасына бұйырды.

ІІІ орынды орталық «Иманғали» мешітінің командасы иеленді.

Турнир нәтижесімен «Үздік қабылдаушы» номинациясына Аманбай Азаматұлы лайық деп танылды. «Үздік шабуылшы» номинациясын Шафхат Нұрболатұлы иеленді.
Ринат Халықбергенұлы «Үздік тосқауылшы» атанды.

Жеңімпаз командаларға кубок, медальдар, дипломдар табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.