Атырауда үлкен қажылық сапарына дайындық аясында арнайы рухани-танымдық дәріс ұйымдастырылды. Жиын барысында қажылық құлшылығының тәртібі, сапар әдебі, қасиетті мекендердегі амалдардың орындалу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Дәрісті қажылық бойынша жауапты имам Нәркес Боханов жүргізіп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар қажылық сапарындағы рухани дайындық, сабыр мен тәртіптің маңыздылығы жөнінде насихат айтты.
Кездесу соңында жамағат алдағы қасиетті сапардың қабыл болуына тілектестік білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.


