«Дархан дала» жобасы аясында Атырау облысының имамдары мен жамағаты Бөкей Ордасы өңіріне арнайы сапар жасап, тарихи-рухани орындармен танысты.
Танымдық сапар барысында қатысушылар Жәңгір хан мұражайын, тарихи мешіттер мен ел тарихынан сыр шертетін көне жәдігерлерді аралады. Сонымен қатар Бөкей Ордасының рухани және мәдени мұрасы туралы тағылымды ақпараттар айтылып, тарихи тұлғалардың ел дамуындағы еңбектері кеңінен насихатталды.
Жоба аясындағы басты мақсат — имамдар мен жамағаттың тарихи танымын арттырып, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраларға деген құрметті нығайту. Сапар барысында қатысушылар өткен тарих пен дәстүр сабақтастығы жөнінде пікір алмасып, тағылымды әсер алды.




