Атырау облысы Дін істері басқармасы мен Жәрдем-Атырау корпоративтік қоры ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Танымдық бағыттағы сайысқа облыс бойынша мемлекеттік және өзге де сала мамандары, мешіт имамдары мен жамағат өкілдері қатысты. Қатысушылар заң, қоғам, руханият және ұлттық құндылықтар бағытында білімдерін сынға салды.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Иманғали орталық мешіті жастары құрамындағы «Сәруар» командасы үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ орынды иеленді.
Шараның басты мақсаты — қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру, жастардың зияткерлік қабілетін дамыту және рухани құндылықтарды насихаттау.













