Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс орталығындағы Береке ауылында іске қосылғалы отырған жаңа мал базарын аралап көрді.
Мал базары мал сою пунктімен қамтамасыз етілген. Жаңа технологиялармен қамтамасыз етілген базардың мал сою пункті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын иелену үшін құжаттар рәсімдеуде.
Еске сала кетелік, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.
2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған орган ел бойынша 733 кәсіпорынға халал стандарт сертификатын берді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.