Атырауда Жұлдыз мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасы аясында көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері жеткізілді.

Игі шара 20 отбасын қамтыды.

«Мақсатымыз – қамкөңіл бауыларымызға көмек көрсету. Қолдау білдіру. Садақа – пәле-жаладан сақтайды. Атсалысқан жомарт жандарға Алла разы болсын» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің наиб имамы Мұхамедкәрім Сматұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.