Ұстаз Юнус Қадырқұлұлы «Нәпсімен күрес» тақырыбында сұхбат берді


Атырау облысына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы «Иманғали» орталық мешіті жанындағы медиа орталықта сұхбат берді.

Сұхбат барысында ұстаз қоғамды аздыруға бағытталған әрекеттер, нәпсімен күрес, адам болмысының жаратылысы туралы тақырыптарға тоқталып өтті.

«Адам баласы нәзік жаратылыс. Нәпсі қалауларымыз кейде еркімізден тыс арсыз әректтерге бастауы мүмкін. Сондықтан, рухани имунитетті нығайтып, пайдалы істермен айналысуымыз керек. Бұл ретте Алланың заңдылықтарын есте ұстау қажет», – деді Юнус Қадырқұлұлы.

Бағдарламаның толық нұсқасы «Иманғали «орталық мешітінің ютуб арнасына жарияланатын болады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.