Атырауға тәжірибе алмасуға келген имамдар Құран жаттау орталығына барды

Атырау облысына тәжірибе алмасу мақсатында келген Ұлытау, Жетісу облыстарының имамдары орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының жұмысымен танысты.

Ұлытау облысындағы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Мейіржан Әнуарбеков пен Жетісу облысы Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммедке Құран жаттау орталығының қызметі туралы ақпарат берілді.

Орталыққа экскурсия жасалып, ондағы шәкірттерге үйретіліп жатқан оқу бағдарламалары таныстырылды.

2021 жылы ашылған орталықта асхана, жатақхана, ұстаздар бөлмесі, қонақ бөлмесі және дәрісхана бар.