Атыраулық делегация мүфтиятқа арнайы сапарын қорытындылады (+ ВИДЕО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атыраулық діни делегацияны қабылдады.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған діни делегация құрамында орталық «Иманғали» мешітінің қызметкерлері, Жылыой, Құрманғазы аудандарының бас имамдары болды.

Сапар аясында Атырау облысында дін саласында атқарылған жұмыстардың есебі, алда атқарылатын іс-шаралардың жоспары тыңдалды.

Сонымен бірге, делегация құрамы мүфтият базасында жұмыс атқарып жатқан бөлімдердің жұмысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.