«Таза әлем»: ерікті жастар тазалық жұмысына қатысты

Республикалық «Таза әлем» акциясы аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде және Жылыой аудандық орталық мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық акциясына мешіт қызметкерлерімен бірге, «Иман жастары» ұйымының еріктілері қатысты.

Акция аясында орталық мешіттердің аулаларында, мешіт маңында жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына шамамен 40 жас қатысты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.