Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық акциясына қатысты.
Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасына азық-түлік пакеттері тарту етілді.
«Наурыз – жылулықтың, береке-бірліктің мерекесі. Сан ғасырлардан бері атап өтіліп келе жатқан наурыз – ынтымақты тірлікті дәріптейді. Ізгі мереке құрметіне орай, мешіттерімізде қамқорлық шаралары жалғасады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.