ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

Атырауда Отбасы күніне орай бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылып, оған Әжелер мектебінің өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, Әжелер мектебінің төрайымы Жұмагүл Насиықызы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қабырғасында және «Ақжелкен» шығармашылық орталығында ардагерлер алқасына арналған кездесулерге қатысып, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі және үлкендердің қоғамдағы өнегелі орны жөнінде ой бөлісті.

Кездесулер барысында қазақ қоғамындағы әже институтының маңызы, ұлттық салт-дәстүрді кейінгі буынға жеткізу және отбасындағы тәрбиенің рөлі сөз болды.

Әжелер мектебінің өкілдері жастарға ақыл-кеңес айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Тағылымды басқосулар отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.