Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы «Асыл арна» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді

amin.kz/ 30 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Асыл арна» телеканалының тікелей эфир қонағы болды.

Онлайн байланыс арқылы шыққан тікелей эфир барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы «Аманатқа адалмыз ба?» тақырыбында сұхбат берді. Тікелей эфирге ұстазбен бірге, актер Ғалымжан Қалыбаев қатысты.

«Ең үлкен аманат – Құран. Біз сол аманатты қалай сақтап жатырмыз? Оның ішінде жазылған бұйрықтарды қаншалықты орындап жатырмыз? Аманат мәселесінде бұл жағдайды да ескеруіміз керек.

Аманат ауқымы үлкен мағынаны береді. Бізге тіліміз де, өміріміз де, дініміз де, еліміз де, жеріміз де аманат. Алла Тағаланың адамзатқа берген барлық нығметі бізге аманат. Осы жағдайда біз аманатқа адалдық танытуымыз керек» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы телеарна көрермендерінен келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.