Жылыой аудандық мешіті мұқтаж отбасыларға ауызашар тағамдарын апарып берді (+ВИДЕО)

amin.kz/ 30 сәуір, 2020 жыл. Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жылыой аудандық орталық мешіті ондаған отбасына ауызашарға арналған тағамдар апарып берді.

“Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған “Қайырымдылық керуені” акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асып келеді. Мың айдан да қайырлы Рамазанда Жылыой орталық мешіті осынау акцияға үлес қосып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ауызашар тағамдарын үлестірді.

Сауап еселенетін қасиетті айдағы құлшылықтарымызды, дұға-тілектерімізді Алла қабыл еткей” дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.