Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданының әкімімен кездесті

amin.kz/ 25 маусым, 2020 жыл. Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аталмыш ауданның әкімі Қайрат Нұртаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Құрманғазы ауданындағы діни ахуал, мешіттердің жағдайы, кадр мәселелерін өзара талқылады.

«Асыл дінімізді насихаттап отырған мешіттеріміз жергілікті атқарушы органдармен ұдайы байланыста. Әсіресе, діни кадрларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесінде қолдау керек. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.