Құрманғазы ауданының мешіті күрделі жөндеуден өтті

amin.kz/ 25 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы күрделі жөндеуден өткен мешіттің ахуалы, онда салынып, пайдалануға берілген дәретхана ғимаратымен танысты.

«Құрманғазы ауданының орталық мешіті соңғы он жылдан бері жөндеу көрмей келеді. Заман талаптарына сай жасалған жөндеу жұмыстары мешітке жаңа реңк беріп отыр. Сонымен бірге, орталық мешіт жанынан заманауи дәретхана пайдалануға берілді. Бес орындық дәретханада жамағат үшін барлық жағдай жасалған. Ендігі жерде ауданмен бірге, ауылдық елдімекендер мешіттерінің де көркеюіне мүмкіндік жасауымыз керек» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Және пандемия жағдайындағы құлшылық үйінің ішкі жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.