amin.kz/ 1 тамыз, 2020 жыл. Қасиетті құрбан айтты карантин жағдайында өткеруге атсалысып жүрген мамандарға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айттық таратты.
Олардың арасында полиция, төтенше жағдай департаменті, ветеринария саласының мамандары бар.
Еске сала кетелік, бүгінгі таңда Атырау облысы əкімдігі тарапынан құрбандықты онлайн форматта ұйымдастыру жөніндегі арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.
Құрылған штабтан тыс, орталық “Иманғали” мешіті тарапынан 12 бригада құрылды. Аталмыш бригада онлайн арқылы берілген тапсырыс аясында құрбан малын союмен және құрбан шалушыларға фото, видео есептер жіберумен айналысуда.
Ал, автоволонтерлар құрбан малының етін мұқтаж отбасылардың үйді-үйлеріне таратуда.
Бүгінде Атырауда онлайн тапсырыспен алынған құрбан малын союға төрт мал базарындағы арнайы пункттер жұмыс істеп жатыр.
Құрбан айттың алғашқы күні Атырау қаласы бойынша 300 мұқтаж отбасына құрбан малының еті таратылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.