Бас имам онлайн құрбандықтың өтуіне атсалысып жүрген мамандарға айттық үлестірді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 1 тамыз, 2020 жыл.  Қасиетті құрбан айтты карантин жағдайында өткеруге атсалысып жүрген мамандарға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айттық таратты.

Олардың арасында полиция, төтенше жағдай департаменті, ветеринария саласының мамандары бар.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда Атыр­ау облысы əкімдігі тарапынан құрбандықты онлайн форматта ұйымдастыру жөніндегі арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.

Құрылған шт­абтан тыс, орталық “Иманғали” мешіті тар­апынан 12 бригада құ­рылды. Аталмыш брига­да онлайн арқылы бер­ілген тапсырыс аясын­да құрбан малын союм­ен және құрбан шалушыларға фото, видео есептер жіберумен айналысуда.

Ал, автоволонтерлар құрбан малының етін мұқтаж отбасылардың үйді-үйлеріне таратуда.

Бүгінде Атырауда онлайн тапсырыспен алынған құрбан малын союға төрт мал базарындағы арнайы пункттер жұмыс істеп жатыр.

Құрбан айттың алғашқы күні Атырау қаласы бойынша 300 мұқтаж отбасына құрбан малының еті таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.