Құрбан айт: Сұлтан Бейбарыс мешіті 100 баланы құттықтады (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 1 тамыз, 2020 жыл.  Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті 100 сәбиге айттық сыйлығын таратты.

«Құрбан айт күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке. Біз мерекені құрбан шалумен ғана шектемей, сәбилеріміздің де осы мерекені сезінсе деген ниеттеміз.

Тәттілер салынған қорапшалар – жай ғана сыйлық емес. Балаларымыз айт мерекелерін асыға күтіп жүрсе екен деген ниет. Құрбан айттың қасиетін бала санаға жастайынан айтуымыз керек» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.